- Advertisement -

Ахуал тұрақтанды

85

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні «Қазфосфат-Қаратау» ТКӨК ЖШС-ның Көксу кенішінде жұмысшылар жиналып, өз талаптарын білдірді.

Көксу кенішіне «Қазфосфат» ЖШС өкілдері жұмысшылармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын, аудан прокуроры қолданыстағы заңға сәйкес жауаптылықты түсіндірді.

Кездесуде жұмысшылардың жалақыны көтеру бойынша талабына сәйкес толыққанды ақпарат ағымдағы жылдың 29 қарашасында жарияланатындығы туралы айтылды. Қазіргі таңда құрылған жұмыс тобы тиісті іс-шаралар жүргізуде. Жиналғандар тарқасып, өз жұмыс орындарына оралды. Ахуал тұрақтанды.

Сондай-ақ кәсіпорынның «КисТас» кеніш орнында басшылықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қазіргі кезде жағдай тұрақты.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support