- Advertisement -

Жаңатас кенішіндегі жағдай қазір қалыпты

90

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев және «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Ерсін Сариев БАҚ өкілдерімен Жаңатастағы жағдай бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Әуелі Еркін Құлымбайұлы сөз алып, «Қазфосфат» ЖШС жұмысшылары биыл 23 және 25 қараша күндері серіктестіктің кеңсесіне жиналып, наразылық білдіргенін, соған байланысты облыс әкімінің шешімімен жұмысшы тобы құрылғанын айтты. Ол жұмысшы тобының құрамында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров бастаған бірқатар лауазым иелері бар. Еркін Үйсімбаев қазір жағдайдың тұрақты екенін айтты.

Мұнан соң «Қазфосфат» ЖШС бас директорының орынбасары Ерсін Сариев орын алған жағдай туралы мәлімет берді. «Біз жұмысшылармен сөйлестік. Ой-пікір, ұсыныстарын тыңдадық. Қазір жұмыс өзінің ырғағымен жүріп жатыр. Бірқатар мәселелерді зерделеп, шешімін алдағы 28 қараша күні айтатын болдық. Бізде жұмысшылардың жалақысы былтыр – 35, ал биыл 20 пайызға өсті. Қазір біздің серіктестіктегі орташа жалақы 240-250 мың теңгені құрайды. Қай кезде де жұмысшылардың мүддесіне құлақ асамыз. Алдағы уақытта да бұл мәселе біздің назарымызда болады», деді.

Сондай-ақ Еркін Үйсімбаев пен Ерсін Берікұлы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Есет ДОСАЛЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support