Құқық

Жаза өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты босатылды

Жаза өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты босатылды

Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен жаза өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты бір азамат бостандыққа шықты. 28 жастағы ер адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, сот шешімі бойынша 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

Еркіндікке жолдама алған сотты болған азаматты қақпа алдынан шығарып салу кезінде оған құқықтары мен міндеттері жөнінде мол мағлұмат берілді. Мекеме қызметкерлері сондай-ақ жазасын өтеушіге қайта қылмыс жасамауы үшін ақылы жұмысқа орналасу қажеттігін ол үшін мемлекет тарапынан қолдау болатынын түсіндірді.