- Advertisement -

Ауданда қоғамдық көліктер жүре бастады

143

- Advertisement -

Т.Рысқұлов ауданында соңғы екі жылда шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі –қоғамдық көліктің қатынауы болатын. Осы орайда ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша Құлан-Луговой бағытында қоғамдық көліктер жүре бастады.

Мәселені шешу үшін «Концерн- Қазқұрылысcity» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Айтжан Жұмабековпен келісімшарт жасалып, аталған бағытта 8 автобус қатынайтын болады.

Салтанатты шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, ақ тілектері мен ризашылықтарын жеткізді.

Ауыл тұрғындарына қолайлы болу мақсатында төмендетілген бағада, яғни ересектерге 60 теңгеден, балаларға 30 теңгеден меже белгіленді.

Жалпы екі ауылдық округтегі тұрғындар саны 30 мыңнан аса халықты құраса, оның 6 мыңға жуығы мектеп оқушылары. Оқушылар мен колледж студенттерінің оқуларына қатынауы тиімді болатыны сөзсіз.

Сыйымдылығы кең қоғамдық көліктер келесі кезекте жыл басынан автобустар толығымен заманауи құрылғылармен автоматтандырылатын болады.

 

 Мөлдір ТАСТАНБЕК,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support