- Advertisement -

Басшылар жауапкершілікті сезіну керек

82

- Advertisement -

Кеше облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы өтті. Сессияға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты. Облыстық мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбековтің төрағалығымен өткен сессияның күн тәртібіне облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12-5 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қойылды.

Сессияда облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова хабарлама жасап, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды саралап шықты. Аталған мәселе бойынша тұрақты комиссияның отырысында баяндалып, жан-жақты талқыланғандықтан депут атт ар бірауыздан қолдап, шешім қабылдады.

Сессия барысында облыстық мәслихат хатшысы Махметғали Нұрғалиұлы халық қалаулылары қашанда қолдау білдіретін облыстық мәслихаттың шешімімен қабылданған бюджеттік бағдарлама бойынша қаржы игеру мәселелері кейбір басқармалар тарапынан орындалмай отырғанын жеткізді. Оның сөзінше, бұған дейін әлеуметтік жағдайы төмен мектепке дейінгі балаларға бөлінген 100 миллион теңге қаражат үш басқарма тарапынан игерілмей, облыстық бюджетке қайтарылған.

Осыған байланысты депутаттардың ұсынысын ескеріп, бюджеттік бағдарламалардың басшыларын жауапкершілікке тартуды сұранды.

Сессия соңында сөз алған облыс басшысы Нұржан Молдиярұлы облыстық мәслихаттың шешіміне қолдау білдірген депутаттарға алғысын жеткізіп, әлеуметтік мәселелерде депутаттық корпусты бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

 

Есен ӨТЕУЛІ

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support