Басшылар жауапкершілікті сезіну керек
Басшылар жауапкершілікті сезіну керек
Сессияда облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова хабарлама жасап, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды саралап шықты. Аталған мәселе бойынша тұрақты комиссияның отырысында баяндалып, жан-жақты талқыланғандықтан депут атт ар бірауыздан қолдап, шешім қабылдады. Сессия барысында облыстық мәслихат хатшысы Махметғали Нұрғалиұлы халық қалаулылары қашанда қолдау білдіретін облыстық мәслихаттың шешімімен қабылданған бюджеттік бағдарлама бойынша қаржы игеру мәселелері кейбір басқармалар тарапынан орындалмай отырғанын жеткізді. Оның сөзінше, бұған дейін әлеуметтік жағдайы төмен мектепке дейінгі балаларға бөлінген 100 миллион теңге қаражат үш басқарма тарапынан игерілмей, облыстық бюджетке қайтарылған. Осыған байланысты депутаттардың ұсынысын ескеріп, бюджеттік бағдарламалардың басшыларын жауапкершілікке тартуды сұранды. Сессия соңында сөз алған облыс басшысы Нұржан Молдиярұлы облыстық мәслихаттың шешіміне қолдау білдірген депутаттарға алғысын жеткізіп, әлеуметтік мәселелерде депутаттық корпусты бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Есен ӨТЕУЛІ