- Advertisement -

Мұқтаж жандарға көмек көрсетілуде

9

- Advertisement -

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы – мүгедекті оңалту шараларының нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат. Ол ағзаның бұзылған және жойылған функцияларын қалпына келтiруге және олардың орнын толтыруға бағытталған әлеуметтiк оңалту шараларын қамтитын оңалту iс-шаралары кешенiн айқындайды. Осы құжатқа сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедекті бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтер көрсететін адам.

Жеке көмекшінің қызметтерін қажет ететін мынадай аурулар бар: толық соқырлық; түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көру жітілігі; елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық мишықтың бұзылуы; елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром; паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі); елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез; гемиплегия, триплегия, параплегия; елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (ІІІ кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, ІV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан-тамыр жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және ІІІ кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған ІІІ дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі және т.б.); елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі); буын функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы; қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары; қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы; екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары; протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары; жүріп-тұрудың ІІІ дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар және басқа да бірқатар ауыр науқастар.

Бүгінгі таңда облыстағы мұқтаж азаматтарға, атап айтқанда, әлеуметтік көмекшіні қажет ететін бірінші топ мүгедектеріне заң шеңберінде тиісті көмек көрсетілуде.

 

Марал МОЛДАБЕКОВА,

еңбек және әлеуметтік қорғау

комитетінің облыс бойынша

департаментінің №5 МӘС бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support