Қажеттілігіне қарай қарт кісілердің үйінде де қызмет етеміз

3

Өткен жылдың 10 айында «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясының» фронт-офистері арқылы 655299 қызмет көрсетілсе, оның 2547 қызметі электронды негізде жүргізілді.

Ал 2021 жылдың 10 айында қабылданған құжат саны – 893 538, ал электронды негізде қабылданған құжат саны 2749-ды құраған болатын. Яғни, жалпы қабылданған құжат саны 25 пайызға, электронды қызмет саны 9 пайызға кеміді. Бұл халық арасында өз беттерінше қызмет алу үшін жүргізілген насихат және оқыту жұмыстарының арқасы, электрондық сандық қолтаңбаны электронды түрде алуды үйретуіміздің нәтижесі деп білеміз.

Осы тұсқа нақтырақ тоқталар болсам, биылға бекітілген жоспарға сәйкес, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында сауда орталықтарында, базарларда, мемлекеттік мекемелерде, білім беру мекемелерінде осы жылдың 10 айында облыс бойынша 211 592 азаматқа оқыту жүргізілді.

Шалғай орналасқан мекендердегі халық арасында насихат жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Мобильді ХҚКО» жобасы іске асырылуда.

2022 жылдың 10 айында филиал тарапынан бекітілген қызметтік көліктер арқылы «Жылжымалы халыққа қызмет көрсету бойынша мобильді топ» алыс ауыл-аймақтарға 613 рет шығып, 10119 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, яғни 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мүгедек балалар, ҰОС ардагерлері, 70 жастан асқан адамдарға үйлеріне барып қызмет көрсету мақсатында «Help desk» бағдарламасы арқылы өтініштер қабылданып, арнайы бекітілген фронт-офис мамандарымен үйлеріне барып, қызметтер көрсетілуде.

Былтыр 10 ай ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 1433 қызмет көрсетілді.

Филиалдың HR және СМЖ дамыту басқармасы және бөлім тәлімгерлерімен бірлесе отырып, қызметкерлердің білімін арттыру мақсатында фронт-офис қызметкерлеріне оқыту және түсіндірме жұмысы күнделікті жүргізілуде. 10 ай ішінде 6393 оқыту сабағы өткізілді.

Фронт-офистердегі көрсетілген қызметтерді бағалу үшін орнатылған Experience жүйесінің бағалауы бойынша, халықтың қызмет алуға қанағаттану деңгейі өңіріміз бойынша (NPS) 96 пайызды құрайды.

Қазіргі таңда азаматтар уақытын үнемдеу мақсатында дайын құжаттарды қызмет алушылардың мекенжайына жеткізу қызметі жұмыс жасайды. Жеткізу тек Тараз қаласы ішінде жүзеге асырылады. Тараз қалалық №1, 2, 3, 4 бөлімдерде азаматтар тарапынан аталған қызметті қолдануға мүмкіндік бар. Электрондық төлемдерді дамыту мақсатында халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде мемлекеттік бажды, төлем кассаларына жүгінбей, QR арқылы төлеуді жүзеге асыруға болады.

Азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша электронды үкімет порталы арқылы тіркеуге, электронды цифрлы қолтаңбаны онлайн алуға, ХҚКО бөлімдеріне бармай-ақ қашықтан электрондық сандық қолтаңба алуға, Каспий қосымшасы арқылы көліктерді тіркеуге, жүргізуші куәлігін беруге болады.

Сонымен қатар құжаттандыру бағыты бойынша жүгінген азаматтардың кезекте күту уақытын азайту мақсатында қалалық бөлімдерде корпорация қызметкерлеріне кейбір категориялар бойынша құжат рәсімдеуге рұқсат берілді.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында филиалда жүргізіліп жатқан іс-шараларға келер болсақ, биыл қазан айында ресми түрде Тараз қаласында көші-қон қызметтері орталығы өз жұмысын бастады.

Сондай-ақ Байзақ аудандық бөлімі NEW CON жобасын жүзеге асыру мақсатында жаңа ғимаратқа көшті.

 

Данияр МЕДЕТБЕКОВ,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ облыс бойынша филиалы директорының орынбасары.

Comments are closed.