- Advertisement -

Халық тегіс сенім артты

318

- Advertisement -

2022 жылдың 20 қарашасы еліміз үшін жаңа қадамға жол ашылған тарихи күн болып, жылнамаға енгені белгілі. Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер болған алты адамның бәрі де елге сыйлы, ел үшін еңбектенетінін жақсы білеміз. Бірақта, Президент ел үшін біреу ғана болуы керек. Қалғанымыз сол кісіге тіреу болуымыз керек. Таңдау әркімнің өз еркіне берілген құқық. Сол өз құқымды пайдалана отырып, өз даусымды Қ.К.Тоқаевқа бердім. Себебі ол кісінің өмір жолына үңілсеңіз, тәжірибесі бай, бірнеше шетел тілінде еркін сөйлеседі. Барлық қызметтің сатысынан өткен. Сондықтан мен Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдадым.

Әділетті заманауи Қазақстанды құру тек сол кісінің ғана қолынан келеді. Осы мақсатқа жету үшін, ұлт болып ұйысып, бір жұдырықтай жұмылып, сайлауға халқымыздың ұйымшылдықпен қатысқандығы көңіл қуантты. Бұл деген – ұйымшылдығымыз, халқымыздың ежелден келе жатқан бірлігі мен ынтымағының арқасы.

Сайлау күні халықтың теріс қылыққа бармағаны және ешқандай тәртіп бұзбағаны тағдыршешті күннің туғанын, Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына жол ашылатынына сенгені деп білемін. Бұл жөнінде Халықаралық 641 шетелдік байқаушылар да теледидардан берген сұхбаттарында жақсы айтып, оң бағасын берді.

Бұл – тарихи жеңіс. Тоқаевтың жеңісі – ортақ жеңіс, еліміздің жеңісі. Әділдік үстемдік құрған күн.

 

 Еркінбек СОЛТЫБАЕВ,

облыстық ардагерлер

кеңесінің төрағасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support