Халық тегіс сенім артты
Халық тегіс сенім артты
Әділетті заманауи Қазақстанды құру тек сол кісінің ғана қолынан келеді. Осы мақсатқа жету үшін, ұлт болып ұйысып, бір жұдырықтай жұмылып, сайлауға халқымыздың ұйымшылдықпен қатысқандығы көңіл қуантты. Бұл деген – ұйымшылдығымыз, халқымыздың ежелден келе жатқан бірлігі мен ынтымағының арқасы. Сайлау күні халықтың теріс қылыққа бармағаны және ешқандай тәртіп бұзбағаны тағдыршешті күннің туғанын, Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына жол ашылатынына сенгені деп білемін. Бұл жөнінде Халықаралық 641 шетелдік байқаушылар да теледидардан берген сұхбаттарында жақсы айтып, оң бағасын берді. Бұл – тарихи жеңіс. Тоқаевтың жеңісі – ортақ жеңіс, еліміздің жеңісі. Әділдік үстемдік құрған күн.
Еркінбек СОЛТЫБАЕВ,
облыстық ардагерлер
кеңесінің төрағасы.