- Advertisement -

Ел ертеңі еңселі

103

- Advertisement -

Мемлекеттің бүгіні мен болашағын жалғап, егемен еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету әрбір азаматтың парызы. Ұрпақтың ұлан-ғайыр дала төрін мекен етіп, бейбіт заманда тату-тәтті ғұмыр кешуі Президенттің сарабдал саясатының арқасында қол жеткізген жетістік деп ойлаймын.

Күні кеше өткен сайлауда біздің әрбіріміз еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бердік деп санаймын. Кез келген адам жеке азамат ретінде өз Президентін сайлау арқылы таңдау жасау құқығына ие болып, өз жүрек үні, өз қалауы, таңдауы арқылы ел еңсесін биіктетуге талпынды. Сол үшін сайлауға жоғары белсенділікпен барып, өз таңдауларын жасағаны дұрыс.

Мен де өз елімнің, балаларымның, болашағымның өмір сүретін аймағының тағдырына алаңдаушы азамат ретінде, өзіме ұнаған кандидатқа дауыс бердім. Біздің әрқайсымыз, Әділетті Қазақстанды құру жолында дұрыс таңдау жасадық деп ойлаймын. Біз сенім артып, таңдаған Президент осы уақытқа дейін елеулі еңбек етіп, өз тұғырының биік екенін дәлелдеген адам екендігін білгендіктен, алдағы уақытта да ел ертеңін еңселі ететініне сенім білдіремін.

 

 Назира БЕКЕТАЕВА,

«Астана» балабақшасының медбикесі.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support