Жаңалықтар

Жаңа Қазақстанның мүмкіндіктері

Жаңа Қазақстанның мүмкіндіктері

Мен жасымның 77 жасқа келгеніне қарамастан, ҚР Президентінің сайлауына барып, өзім тіркелген учаскеде дауыс бердім. Әрине, өзінің сара жолы мен дара жолы бар Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдадым. Біз жаңа лайықты Президент сайлау арқылы жаңа, жаңару жолына қадам басамыз.

Жаңа жол, жаңа тіршілік, жаңа мақсаттар басталады. Сондықтан бұл сайлаудың маңызы өте жоғары болды. Соны барша қазақстандықтар сезінді деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлының халық үшін бел шеше кірісетініне сенемін. Жаңа Қазақстанның, Әділетті Қазақстанның құрылуы өзімізге тікелей байланысты. Ол үшін әр адам ізетті, адал, ұяты мол болуы керек. Әр адам таза болуы қажет. Қоғамның, мемлекеттің дамуы сол елдегі адамдардың пиғыл, ниетіне де байланысты болады. Тоқаевтың кемел ойларына, жаңа бастамаларына сенемін. Елімізді биік белестерге бастай береріне күмәнім жоқ. Себебі, өте таза адам, өте сауатты, жан-жақты білімді адам. Біз Президенттің әкесі, жазушы Кемел Тоқаевпен бірге жұмыс істедік. Қызметтес болдық. Өте ғажайып, парасатты, адал адам еді. Сол ғажайып жазушының перзенті Қасым- Жомарттың бойы да, ойы да таза. Сол тазалық біздің елді жеңіске бастайды. Мен сол шуақты, шұғылалы күндерге сенемін.  

 Қайырбек АСАНОВ,

ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері,

Тараз қаласының Құрметті азаматы.