Біз күткен лайықты жеңіс

4

Кезектен тыс Президент сайлауы мәресіне жетіп, сайлау қорытындысымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басым дауысқа ие болды.

Саяси науқанға халықтың қатысуы, белсенділігі жоғары болды. Ел азаматтары азаматтық жауапкершілік танытып, өз таңдауларын жасады. Жалпы Президент сайлауы елдің үлкен белсенділігі мен жауапкершілігінің артқанын көрсетті.

Сайлау бітті, Президентімізді сайладық. Енді ел болып, халық болып, мемлекетті даму жолына салу үшін Жаңа Қазақстанды бірге құрғалы отырмыз. Әділетті Қазақстан құруға басқан алғашқы қадам жемісті, жеңісті болсын!

Бір айтарым, ендігі жерде негізгі мақсатымызға жету жолында бұрынғыдай ұрандатпай, алаулатып-жалаулатпай, айқындалған мақсаттарға еңбекпен, табандылықпен жетуіміз керек. Алдымызда үлкен жауапкершілігі зор кезең тұр. Ол сөзбен емес, іспен, қажырлы еңбекпен жететін кезең.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында елдегі экономиканы түбегейлі өзгерте отырып, барлық салада реформа жүргізетінін айтқан еді. Сондықтан да ендігі атқаратын ісіміз құр ұран болмай, айқындалған мақсатқа жету болуы тиіс.

 

 Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері.

Comments are closed.