Экономика

Жаңа жобалардың өңір экономикасына қосары көп

Жаңа жобалардың өңір экономикасына қосары көп

Бюджет қаржысының мақсатты игерілуі қашанда маңызды. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте республикалық және жергілікті бюджет есебінен, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жоспарлы жобалардың барысы жан-жақты талқыланды.

Аймақ басшысы өткен жылға қарағанда жоспарланған жобаларға алдағы жылдың бюджетінен қомақты қаржы бөлініп отырғанын баса айтты. Мәселен, былтыр өңірдің даму бюджетіне республикадан 25 миллиард теңге бөлінген болса, биыл ол 50 миллиард теңгеге жеткен. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, бұл өңір экономикасының дамуына оң серпіліс бермек. Жүзеге асырылатын жобалар туралы облыс әкімдігі бюджетті жоспарлау және экономика басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, Тараз қаласына қатысты шешімін күткен жобалар аз емес екен. Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов Тараз қаласына байланысты жоспарланған жобаларға тоқтала келіп, №15 шағынаудан қасында орналасқан Бурыл мен Барысхан шағынаудандарындағы көшелердің әлі күнге бірде-біріне асфальт жабыны төс елмегеніне қа ла басшылығының назарын аударды. – Бурыл шағынауданындағы көшелерге қашан асфальт жабыны төселеді? Сонымен бірге №15 шағынаудандағы көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру да жоспардан қалып қоймауы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар қалай жоспарлануда? – деп сұрады. Бұл сұраққа Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жауап беріп, Бурыл мен Барысхан шағынаудандары алдағы жылдың жоспарына еніп отырғанын жеткізді. Ал №15 шағынаудан бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерді абаттандыру жұмыстары жоспарға сәйкес қолға алынатынын айтты. Аймақ басшысы бұдан кейін алдағы жылға жо спарланған жобалар аясында облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен қала және аудан әкімдерін жеке-жеке тыңдап, атқарылуы тиіс кейбір жобаларға жекелей тоқталып, бірнеше қайтара пысықтады. Сонымен қатар облыс әкімі жылдың аяқталуға жақын қалғанын атап өтіп, жауаптыларға негізгі ә л еуметтік көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді және мемлекеттен бөлінген бюджет қаражаттарын толық игеру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан кейін әрбір ауданға жеке-жеке тоқталып, олардың биылғы шығындары есебінен 2023 жылға құрылған жоспарын жан-жақты талқылады. Кейбір жобалар бойынша өзекті жайттар да назардан тыс қалмады. Нұржан Нұржігітов барлық саладағы жобаларды қарастыра келіп, алдағы құрылысқа қажеттілік бойынша нысандардың жобалық- сметалық құжаттамаларын әзірлеуді, өзгерістер болса нақты ұсыныс енгізуді тапсырды. Жиын қорытындысында аймақ басшысы «Халықтың әл-ауқатын жақсарту және облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге, өңіріміздің дамуына бағытталған жұмыстарды белсенді атқаруға тиіспіз», – дей келіп, жауапты басқарма мен қала және аудан әкімдеріне өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды тапсырды.  

Марат ҚҰЛИБАЕВ