Жаһан

Ұлытауда заңсыз алтын қазған қылмыстық топ ұсталды

Ұлытауда заңсыз алтын қазған қылмыстық топ ұсталды

Ұлытау облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олардан жауынгерлік және травматикалық тапаншалар мен патрондар тәркіленді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы қылмысты ұйымдастыруға қатысы 23 және 34 жастағы екі ер адамды ұстады. Бірінші көлікті тексеру барысында бес патрондары бар тапанша табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тапанша атуға жарамды болып табылды. Екінші көліктен полицейлер үш патронмен бірге травматикалық тапанша тапты. Сараптама қорытындысы бойынша қару атуға жарамды. ҚР ҚК-нің 334-бабы (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) және ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.