- Advertisement -

Алкогольден күштеп емдеу заңдылығы қаралды

63

- Advertisement -

Тараз қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы Г.Камзиеваның және бірқатар судья мен облыстық психикалық денсаулық орталығы өкілдерінің, сондай-ақ Тараз қаласы прокуратурасының прокурорлары, Тараз қалалық ПБ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Жиында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық ауытқу, мінез-құлықтың бұзылуы бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу жөніндегі мәселелер талқыланды.

Г.Камзиева азаматтық істерге қатысты туындап отырған мәселелер бойынша науқасты медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу үшін сотқа арыз берер алдында, міндетті түрде заң талаптарын сақтау керек екенін айтты. Нақтылап айтқанда, науқастың өз еркімен емдеуден бас тартқаны туралы тиісті дәлелдемелерді келтіру керек екенін айтып, осы мәселе ортақ талқылауға қойылды.

Өз кезегінде наркологиялық бөлімшенің өкілдері қазіргі таңда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодекстің іске асырғанына байланысты, науқастарды мәжбүрлеп емдеуге жатқызу тәртібі өзгертілгенін атап өтті. Кодексте ауру адамды мәжбүрлеп емдеуді тағайындау алдында диагностика өткізу орталығында уақытша орналасу тәртібі көзделмеген. Осыған байланысты мәжбүрлеп жеткізілген науқасты, тиісті диагностика жүргізу үшін сол адамның рұқсатымен, ерікті емдеу бөліміне орналастырылады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы бар адамдардың емдеу мекемесіне орналастыру тәртібін реттеу үшін құқықтық-нормативтік актілерге және ішкі құжаттарға өзгерістерді енгузі керек екенін, науқастардың денсаулық жағдайын тексеру үшін еріксіз ауруханаға жатқызу бөлімшілерді ұйымдастыру қажеттігін, науқастардың заң құқықтарын бұзбау мақсатында психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға құжаттарды дайындау барысында Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодекстің, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің және де басқа құқықтық- нормативтік актілердің талаптарын қатаң түрде сақтау керек деген ортақ пікірге келді.

 

 Тараз қалалық сотының

баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support