- Advertisement -

Қызыл кітапқа енгізілген жануарды аулаған күдікті ұсталды

42

- Advertisement -

Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» өңірлік басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жиенбет ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы алқаптан Қызыл кітапқа енгізілген жануарды аулаған 29 жастағы ер адамды ұстады.

Ұстау барысында аталған алқаптан мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «Тоyota Land Cruiser 80» маркалы автокөлігі, Қызыл кітапқа енген жануардың тушасы, тіркелмеген 16 калибрлі қос ұңғылы мылтық табылды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 337-бабының 2-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалып, автокөлік айып тұрағына қойылды.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support