- Advertisement -

Атыс қаруы тәркіленді

39

- Advertisement -

Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы ақпаратты жүзеге асыру бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында заңсыз қару сақтаған Жаңатас қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде сарайдан қолдан жасалған қосауызды шолақ атыс мылтығы табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда ер адам өз кінәсін мойындады.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің екі бабы: 287-бабының 3-бөлігі (атыс қаруын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), 288-баптың 1-бөлігімен (қаруды заңсыз дайындау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық және дактилоскопиялық сараптамалары тағайындалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Айта кетерлігі, бұған дейін ол ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотты болған.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support