- Advertisement -

Полицейлер бірнеше ұрыны құрықтады

20

- Advertisement -

Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына шағынаудандардың бірінде тұратын пәтер иесінен белгісіз адамдардың үйіне ұрлыққа түскендігі туралы хабарлама келіп түскен. Дәл осындай шақыртумен сол күні тағы бір қала тұрғыны қоңырау шалыпты.

Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының 36 және 25 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталған. Олардың үйінен барлық айғақ заттар (5 дана жылытқыш батареялары, жеке заттар салынған чемодан, теледидар, ноутбук, 15 үстел және т.б.) табылып, тәркіленген. Күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Ал қос үйге келтірілген шығынның көлемі 1 миллион 375 мың теңгені құрайды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support