- Advertisement -

Өзгелерге өмір сыйлау– бір бақыт!

32

- Advertisement -

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы облыстық Қан орталығымен бірлесіп «Донор күні» акциясын ұйымдастырды. Квазимемлекеттік сектор қызметкерлері өз үлгісінде медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ кез келген адам донор бола алатынын көрсетті.

Дәрігерлер адамдарға қан алудан қорқудың қажеті жоқ деп сендіреді. Донор болу – ерлік.

– Бұл мүлдем ауыртпалықсыз процедура, берілген қан біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Біздің ұжым мезгіл-мезгілмен қан тапсырып тұрады, олар бұл шараны жақынына деген жанашырлық сезімімен бекітілген азаматтық парыз деп біледі. Бүгін біз бәріміз біртұтас организм ретінде оңтүстік өңірдегі пациенттердің сауығып кетуіне мүмкіндік беру үшін қан орталығына келдік, – дейді «Тараз» ӘКК» АҚ төрағасы Дәулет Әбілқайыров.

– Біз корпорация ұжымының бірлескен акцияны ұйымдастыруға ниет білдіргені туралы жаңалықты қуана қабылдадық. Осылайша, олар барлық азаматтарға, әсіресе жас ұрпаққа үлгі бола отырып, өздерінің жоғары азаматтық белсенділігін көрсетеді. Бұл қазіргі заманауи әлемде өте маңызды. Акцияға қатысуға ниет білдірушілер саны күннен-күнге артып келеді. Біздің орталықтың есіктері әрқашан ашық. Келгендерге үлкен ризашылығымызды білдіреміз, – деді ЖОҚО директорының экономикалық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Перизат Жаманқұлова.

Тәулік бойы адамдар қан тапсыру орталығына келе алады, онда оларды жоғары білікті мамандар күтеді.

– Мен мұнда бірінші рет келдім, бірақ донор болуды көптен армандадым. Болашақта мен бұл шараны тұрақты әдетіме айналдырғым келеді. Өзімді керемет сезінудемін, менде ешқандай шағым жоқ. Керісінше, мен донация процесінен үлкен әсер алдым. Дәрігерлер сауатты, үлкен қамқорлық көрсетеді. Жабдықтар мен бөлмелер туралы айтар болсам – барлығы стерильді, жаңа. Қан тапсырғаннан кейін менде жағымды эмоциялар пайда болады. Мен адамдарға көмектесуге осындай мүмкіндігім барына қуаныштымын! – дейді Проблемалық активтермен жұмыс жөніндегі сектор маманы Айнұр Бекбауова.

Барлық тексеруден өткен қан облыстық қан орталығының қан компоненттерінің қорын толықтырады.

 

 Кирилл БЕРДЕЦКИЙ,

«Тараз ӘКК» АҚ баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support