- Advertisement -

Әділдіктің үлгісін көрсетті

111

- Advertisement -

Бұл жолғы Президент сайлауы біз күткеннен де әділ, ашық өтті. Оған қатысқан шетелдік сарапшылар мен бақылаушылар да бұл шараға жоғары баға беріп отыр. Біз Қазақстанның азаматтары, ардагерлері осы тарихи күнге үлкен дайындықпен келіп, өз таңдауымызды кешегі күні еркін жасадық. Ал бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 82,45 пайызбен жеңіске жеткенін көріп отырмыз. Бұл халықтың шынайы таңдауы дер едім.

Егеменді ел болдық, тәуелсіздігіміздің отыз бірінші жылдығы қарсаңында өзіміздің таңдауымызды жасап, Жаңа Қазақстанды құруға үлес қосуға ниет еттік. Жалпы, сайлауға түскен әрбір кандидаттың өз салмағы, белсенділігі жоғары болды. Үгіт-насихат жұмыстары да жоғары деңгейде өткізілді. Дегенмен таңдауды жасайтын халық. Халықтың басым бөлігінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдап дауыстарын беруінің өз себебі бар. Өйткені Президенттің бүгінге дейін атқарған әрбір игі ісі елдің көз алдында. Кешегі қаңтар оқиғасы кезінде де барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, батыл қадамдар жасап, тұрақтылығымызды сақтап қалған да Қасым-Жомарт Кемелұлы болатын.

Дәл қазіргі кезде елімізге тыныштық, береке, ынтымақ керек. Әсіресе жастармен жұмыс істеу, оларды Отаншылдыққа, патриоттық рухта тәрбиелеу маңызды.

Жер бетінде 301 ұлт, 193 ел бар екенін көбіміз біле бермейміз. Солардың ішінде терең тарихы бар, салт-дәстүрі бар, мың өліп, мың тірілген текті халық қазақ та бар. Тәуелсіз еліміз тек қазақстандық азаматтарға керек. Біздің Президентіміз біздің елді басқарудың жаңа тақырыбына жетелейді, ол үшін де үлкен тәжірибе мен білім керек.

Бұл сайлауда да жамбылдықтар дауысын Қасым-Жомарт Тоқаевқа беріп, ұйымшылдық танытты. Әділдіктің үлгісін жасады. Дана халқымызда «Ынтымақ – ырыстың темірқазығы» болмаса, «Бірлігі мол ел бұзылмас» деген қадірі биік, қасиеті аса зор сөздер бар. Сол ынтызар ынтымақ пен мызғымас бірлікті ту етіп, халқына ұсынып отырған Қ.Тоқаевтың бар ынтасы мен жігері осындай бірауызды елдің ертеңін жасампаз ету.

 

Болатбек ҚАЙЫПБЕКОВ,

еңбек ардагері.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support