- Advertisement -

Сарбаздар сыннан сүрінбеді

143

- Advertisement -

Тау атқыштары ротасының сарбаздары «Барлаушы соқпақ жолындағы» кедергілерді бірінші еңсеруі емес. Мерзімді қызметтің алғашқы күндерінен бастап-ақ оларды офицер-командирлер мен нұсқаушы сержанттар білгендерін үйретіп, жаттықтырған. Енді қазір, сарбаздар барлау элементтерін нағыз кәсіпқойлардан кем орындамайды.

Сарбаздар көктем айында Шығыс Қазақстан облысынан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тау қорықшылары бөлімшесіне келген болатын. Әскердегі алты айдың өзінде олар шыңдалып, жауапкершілігі мол, жігерлі жауынгерлерге айналды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып әрекет етуді үйреніп, кез келген ауыртпашылықты еңсеруге дағдыланды.

Әсіресе ол шайқаста шартты түрде жараланған жауынгерлік жолдасыңды қауіпсіз жерге апару керек болған жағдайда айқын көрінеді. Барлаушы соқпағы элементтерінің бірі – жаралы жауынгерді сүйреп апару болып табылады. Мұнда күш, шыдамдылық пен жоғары моральдық рух маңызды.

Жас жауынгерлер аталған кедергілерді еңсеруге жауапкершілікпен қарап, бар күш-жігерін салды. Шара барысында шымырлығы ғана емес, сондай-ақ шыдамдылығы да сыналды.

Сарбаздардың келесі кедергілерінің бірі тікенді сымның астынан өтуі болды. Жалпы ұзындығы 50 метр болатын жолақтан мүмкіндігінше аз уақыттың ішінде өту керек. Егер, бір минутта өтсе, ол жақсы деп бағаланады. Бұл ретте денені мүлдем көтермеуді ескеру де маңызды. Сондықтан тікенді сымнан өтуде ережелердің бәрін орындау маңызды.

Оны еңсеру айтарлықтай оңай емес, сарбаздар қанша шаршаса да, өз міндеттерін орындауды жалғастырды. Бастаған ісін, соңына дейін абыроймен жеткізді.

Аталмыш сынақтар тұрақты түрде ұйымдастырылуда, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

 Дина МУХАРИНОВА,

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

баспасөз қызметінің жетекшісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support