- Advertisement -

Жауынгерлік борыш – жауапты міндет

257

- Advertisement -

Өңірде Тараз, Шымкент, Меркі және Луговой гарнизондары әскери бөлімдерінің командирлерімен оқу-әдістемелік жиын өтті. Дәл осындай оқу-жаттығу жиындары «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басқа гарнизондарында да ұйымдастырылды.

Оқу-әдістемелік жиынның негізгі мақсаты – жеке құрамды оқытудың және жауынгерлік дайындықты ұйымдастырудың бірыңғай әдістемесін әзірлеу. Оқу-жаттығу жиыны «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының генерал-майоры Мереке Күчекбаевтың жетекшілігімен өтті. Әскери тәртіп пен жауапкершілікке негізделген шара барысында әр секторда өңірлік қолбасшылық штабының офицерлері бөлімше командирлерімен түрлі бағыттар бойынша сабақтар өткізді.

– Оқу-әдістемелік жиынның бірінші күні Айша бибі полигонында өтті. Оқу орындарында сабақ басталмас бұрын командирлер әртүрлі әскери пәндерден сынақ тапсырды. – Біз үшін олардың командирлік дағдылары мен қасиеттерінің деңгейін анықтаумен қатар, командирлердің өздері жеткілікті деңгейде – жауынгерлік және физикалық дайындықтары бар-жоғын білу маңызды. Өйткені қоластындағылардан жоғары өнімділікті талап ететін, мысалы, стандартты қарудан ату немесе дене дайындығы нормаларын орындау кезінде командирлердің өздері де жоғары дайындық деңгейіне ие болып, бағыныштыларға үлгі болуы керек, – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Мереке Күчекбаев. Сондықтан оқу-әдістемелік жинақ дене шынықтыру және атыс дайындығы бойынша сынақтарды тапсырудан басталды. Тәжірибелік тапсырмаларды сәтті орындап, кеңеске қатысушылар нұсқаушы-әдістемелік сабақтарына кірісті. Әр оқу орнындағы оқу-жаттығу алаңдарында салалық басшылық тағайындаған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы штабының тәжірибелі офицерлері командирлерді оқу-жаттығу және жауынгерлік даярлық үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырды.

Гвардиялық гарнизонның оқу-жаттығу полигонында «Айбалта-2022», «Өзара әрекеттесу», «Эшелон» және «Пуйск» ауқымды халықаралық стратегиялық оқу-жаттығуларының өткізілуі аталған оқу кезеңінің маңызды оқиғасы болды. Оқу-жаттығулар барысында көрсеткен білімі мен күш-жігері үшін алғыс ретінде «Оңтүстік» РҚК әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Мереке Күчекбаев ерекше көзге түскен офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді грамоталармен және сыйлықтармен марапаттады.

 

 Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support