- Advertisement -

ЖК салықтарды комиссиясыз қалай төлей алады?

98

- Advertisement -

Жаңартылған Onlinebank қосымшасы жеке кәсіпкерлерге ақшаны үнемдеуге, салықтарды белгіленген мерзімде төлеуге және өсімпұлдан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Салықтарды төлеу науқаны дәл қазір қызу жүріп жатыр. Әсіресе Қазақстанда саны 1,3 миллионнан асатын жеке кәсіпкерлер үшін. Бұл ретте елдегі жеке кәсіпкерлердің саны өсуде – ағымдағы жылдың 7 айында ғана 273 мыңнан астамы тіркелді.

Жеке кәсіпкерлер жалпыға бірдей белгіленген салық режимін және арнайы салық режимдерін қолдана алады. Әдетте, жеке кәсіпкерлер режимге байланысты ай сайын әлеуметтік төлемдер мен жарты жылда бір рет салық төлеуі тиіс.

Ақпарат соншалықты көп болғанда, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер іркіліп қалуы мүмкін. Бірақ алаңдаудың қажеті жоқ. Барлығы өте қарапайым: егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз және сізде жұмыскерлер болмаса, онда «оңайлатылған» тәртіпте ай сайын 6000 тг мөлшерінде МЗЖ, 2100 тг – әлеуметтік аударымдар және 4200 тг – МӘМС жарналарын төлейсіз. Бұрын әр төлемді төлеу үшін 300 тг мөлшерінде комиссия сомасын да ескеру қажет болатын.

Сіз Onlinebank қосымшасы арқылы салықтарды ыңғайлы және тез төлей отырып, комиссия төлеу жағынан үнемдей аласыз.

Белсенді түрде салық төлеу кезеңінде кәсіпкер үшін маңызды нәрсе – Onlinebank бюджетке төлемдерді тез және оңай жүзеге асыруға мүмкіндік береді және сонымен қатар комиссия төлеу бойынша үнемдеуге жақсы. Onlinebank мобильді қосымшасында ЖК үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде бюджетке төленетін төлемдерді, зейнетақы аударымдарын, әлеуметтік төлемдер мен жарналарды төлеу енді комиссиясыз жүргізіледі – 0 теңге. ЖК бизнесі үшін үнемдеу әрбір төлем үшін орташа есеппен 300 теңгені құрайды (комиссияның бұрын қолданыста болған сомасы).

Жеке практикамен айналысатын адамдар (ЖПАА), яғни нотариустар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар және адвокаттар Onlinebank арқылы комиссиясыз салық төлей алады.

Қосымшаның мүмкіндіктері жеке кәсіпкерлердің өмірін едәуір жеңілдетеді, әртүрлі төлемдерді тез, қашықтан және уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді. Onlinebank қосымшасының функционалы алуан түрлі және үнемі жетілдіріліп отырады, кәсіпкерге «бір терезе» қағидаты бойынша қажеттінің бәрін алуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда Onlinebank кәсіпкерге ЖК, ЖК үшін шот ашуға, цифрлық картаны лезде әрі тегін шығаруға, Қазақстанның ірі қалаларына тегін жеткізумен корпоративтік картаны шығаруға, айырбастауды немесе валюталық аударымдарды жүзеге асыруға, кепілсіз онлайн-кредит, сондай-ақ тағы да басқаны ресімдеуге мүмкіндік беретін негізгі көмекші болып табылады.

Onlinebank мүмкіндіктері мен қолданыстағы функционал жеке кәсіпкерлердің өмірін айтарлықтай жеңілдетеді, соның ішінде бюджетке түрлі төлемдерді тез, қашықтықтан, уақтылы және комиссиясыз жүргізуге мүмкіндік береді.

Сондықтан Onlinebank-тің ыңғайлы сервисін мүмкіндігінше тезірек пайдаланыңыз, бұл жеке кәсіпкерлерге салықтарды белгіленген мерзімде төлеуге және салықты төлеу мерзімінен кейінгі күннен бастап есептелетін өсімақыдан аулақ болуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер салық төлеу мерзімі 1 қазан (қоса алғанда) болса, онда өсімақы 2 қазаннан бастап есептеле бастайды. Өсімақы күн сайын Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептеледі.

Айтпақшы, өсімақыны Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында өз бетінше есептеуге болады

Әлеуметтік төлемдер:

– жалақының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), кемінде 1 ЕТЖ (60 000 теңге) және 50 ЕТЖ-дан (3 млн. теңге) артық емес;

– жалақының 3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар, кемінде 1 ЕТЖ (60 000 теңге) және 7 ЕТЖ-дан (420 000 теңге) артық емес;

– ЕТЖ-ның 1,4 бөлігінің 5% мөлшерінде (4 200 теңге) міндетті медициналық сақтандыру жарналары (ММСЖ).

Кәсіпкер үшін жеке табыс салығы (ЖТС) – табыстың 10%; оңайлатылған режим бойынша кәсіпкерлер үшін ЖТС табыстың 1,5%-ын құрайды.

Оңайлатылған режим үшін әлеуметтік салық табыстың 1,5%-ын құрайды.

Салықтарды Onlinebank қосымшасы, кассалар, терминалдар, egov.kz. қызметтері арқылы, Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) порталында, салық төлеуші кабинетінде, МКК-ның — Е-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, Mgov мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

 

 ҚНРДА берген 2020 жылғы 3 ақпанындағы

№1.2.47/230/38/1 лицензиясы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support