- Advertisement -

Жолдан адасқан жуалылықтар табылды

79

- Advertisement -

15 қарашада облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Жуалы ауданы, Шыңбұлақ ауылының үш тұрғыны ауылдан 15 шақырым қашықтықта тау бөктеріндегі аумақтан трактормен мақсары шабуға шығып, жолай ештеңе көрінбейтіндей жағдай туындауы себепті, жолдан адасып кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түскен болатын.

Жоғалған адамдарды іздестіруге жол талғамайтын «Трекол» көлігімен төрт өрт сөндіруші-құтқарушы, учаскелік полиция және бір жергілікті тұрғын шықты. Мезгілдің қою қараңғылығы мен боранның басталуы себепті ешнәрсе көрінбейтін жағдай туындағандықтан іздеу жұмыстары келесі күнгі таңертеңгі мезгілге шегерілді. Ал 16 қараша күні таңертең жарықта іздестіру жұмыстары қайта басталып, жоғалған адамдар сағат 10.35-те Шыңбұлақ ауылынан қырық шақырым қашықтықта табылды. Олар медициналық көмекті қажет етпеді.

Құрметті тұрғындар! Әрдайым ауа райы болжамына назар аударып, қадағалауды ұмытпаңыздар. Қолайсыз ауа райы кезінде жолға шығуды кейінге қалдырған дұрыс. Мұндай жағдайда «Darmen» қосымшасын пайдалануға кеңес береміз.

 

Облыстың ТЖД

баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support