- Advertisement -

Демалыс күндері де тыным жоқ

28

- Advertisement -

Облыстың өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының күнделікті жұмысы қашанда қауырт екені айтпаса да түсінікті. Мұндағы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамы күн сайын тәулік бойы кезекшілікке қатысады. Осылайша барлық бөлімшелердің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары әрдайым халыққа көмекке шығуға дайын.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобының ақпаратына сүйенсек, тек өткен демалыс күндерінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар 18 рет шақыртуға шыққан. 11 қарашада жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Тараз қаласы, Сәтбаев көшесіндегі пәтердің есігін ашып беруге барған. Ал 12 қарашада «Алатау» шағынауданының тұрғыны мысығын ағаштан түсіруге көмек сұраған.

Шақырту орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келіп, жануарды ағаштан жерге алып түсіп, үй иесіне тапсырды. Әйел өз кезегінде құтқарушыларға шынайы алғысын білдірді. Осы күні қаланың Рысбек батыр көшесінде автокөлік өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жөнелтіліп, өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Өрт салдарынан автокөліктің қозғалтқыш бөлігі жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Сенбі күні Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылында тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнына №7 бөлімнің өрт сөндірушілері жедел жетіп, жағдайды шұғыл барлап, өрттің таралу қаупін анықтады. Қолда бар күштер мен құралдарды сауатты пайдаланып, 20 минуттан астам уақыт ішінде жалын толығымен жойды. Үй иесі өз кезегінде «тілсіз жаудың» одан әрі тұрғын үйлерге таралуына жол бермеген өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.

Жалпы, бұл жоғарыда аталған оқиғалар тізбегі өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының тек екі күндік жұмысы ғана екенін естен шығармайық. Осыған байланысты, облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс пен қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін әрдайым қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ үйден шығарда балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмай, электр құрылғыларын электр желісінен ажыратуды есте ұстаған жөн екендігін еске салады. Өрт немесе төтенше жағдай туындаған кезде «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалудың ақысыз екендігін ұмытпаған жөн.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support