Профилактикалық жұмыс – жүйелі

17

Т.Рысқұлов ауданының төтенше жағдайлар және №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ауданда профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізіп отырады.

Олар жергілікті атқарушы органдар мен полиция бөлімі, аудан жастары ресурстық орталығының еріктілері, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ аудандық филиалының өкілдері, аудандық электр желілерін тарату мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу және жылыту пештері мен тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау, сонымен қатар, балаларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға бейімдеу мақсатында, Ақниет ауылдық округіне қарасты Д.Қонаев ауылында өрт қауіпсіздігі сенбілігін ұйымдастырды.

Осы шаралардың негізінде тұрғын үйлерді аралап, ауыл тұрғындарына нұсқаулықтар таратылды. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындардың назарына қысқы мал азығы – шөпті сақтау кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, тұрғын үй-жайларда жылу беру пештері мен газ баллон қондырғыларын орнату және ұстау кезіндегі талаптарды сақтау ережелері түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тұрғындарға түрлі тақырыптағы жадынамалар таратылды.

 

 Облыстың ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы.

Comments are closed.