- Advertisement -

Көлік жүргізіп, бас бостандығынан айырылды

47

- Advertisement -

Көлік жүргізуге де қатысты тәртіп бұзушылық толастар емес. «Н» есімді азамат алкогольдік масаң күйде Тараз қаласындағы Қ.Тұрысов көшесінің бойымен жаяу жүріп бара жатып, Қ.Тұрысов көшесінің бойында орналасқан «Мөлдір-Бұлақ» мейрамханасының алдында «Н» есімді азаматқа тиесілі мемлекеттік тіркемесі Н 328 SТМ, «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің есігі ашық және оталып тұрғандығын көрген.

Сол уақытта сотталушы «Н» есімді азаматтың аталған автомобильдi жымқыру мақсатынсыз, айдап кетуге бағытталған қылмыстық ойы туындайды. Ол жан-жағында ешкімнің жоқ екендігіне көз жеткізіп, автомобильдi жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз айдап кеткен.

Әрмен қарай, «Н» есімді азамат Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2019 жылғы 21 қазандағы жылғы қаулысының негізінде үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйінде, әлгі өзі автомобильдi жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз айдап кеткен «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті, өзінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екенін біле тұра, қасақана Тараз қаласындағы Тәуке хан көшесінің бойымен басқарып келе жатып, Тәуке хан көшесі мен Б.Момышұлы көшесінің қиылысындағы бағанаға соқтығысып, абайсызда көлік құралын бүлдіруді жасаған сәтте Тараз қаласы ПБ жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Тараз қаласы №2 сотының үкімімен «Н» есімді азамат кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен сотталды. Бұл шешім басқа адамдарға сабақ болса, қанекей!

 

Махсұд ТЕМІРЖАНОВ,

Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support