Аппарат жұмысы жүйелі

24

Облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыруымен әртүрлі деңгейдегі мәслихат аппараттарының жұмыстарын жетілдіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинардың жұмысын облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков ашып, жиынды аппарат басшысы Рүстем Қасымов жүргізіп отырды.

Әуелі бас инспектор Мұхтар Мамышев «Мәслихат аппараттарының халықпен «кері байланысты» нығайту жұмыстарын жетілдіру туралы» баяндады.

– Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалп ыұлттық іс-шаралар жосп арын да Қазақстан Республикасында жергілікті өзін- өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі мақсаттарының бірі ретінде барлық деңгейдегі мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру, олардың қызметіне жаңа серпін беру қажеттілігі көрсетілген.

– Осыған орай барлық деңгейдегі мәслихат аппараты сайлаушылардың мәслихат депутаттарына сенімін арттыру, халықпен «кері байланысты» нығайту бағытындағы жұмысты кешенді және жүйелі түрде ұйымдастыру қажет.

Халықпен «кері байланысты» дамыту мақсатымен әлеуметтік желілерді кеңінен пайдалануы және мәслихаттың ресми сайтының құрылымы, контенті жетілдіріліп, сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары «Aitube» платформасы арқылы тікелей трансляция жасалынуы тиіс. Сонымен қатар облыстағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың ашық отырыстарын міндетті онлайн-трансляциямен өтетіндігі туралы арнайы анонстар мәслихаттардың әлеуметтік желілеріндегі арнайы аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қажет. Осы мақсатта мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы да іске толығымен қосылған.

Бұл жергілікті атқарушы, өкілді органдардың және орталық мемлекеттік органдардың барлық веб-сайттарын бір және ыңғайлы құрылымға біріктіретін бірегей платформа. Платформа Gov.kz сайтында орналасқан және мобильді нұсқасы, ыңғайлы интерфейсі және интуитивті навигациясы бар. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы жаңа форматта барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді болды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін интернет-ресурс мемлекеттік қызметтерді «өмірлік жағдайларға» қарай құрылымдай отырып, адамдық көзқарас тұрғысынан өзгертілген. Яғни, орналастырылған ақпараттар барлық тұрғындарға қолжетімді. Әрбір «өмірлік жағдайдың» астында тілек білдірушілер өз пікірлері мен ұсыныстарын қалдыра алатын кері байланыс формасы бар. Осы деректерге сүйене отырып, мамандар контенттің сапасын тұрақты түрде жақсарта алады.

Бірақ өкінішке қарай, біздің өңірдегі мәслихаттар Мемлекет басшысының 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын өз деңгейінде орындамауда. Атап айтқанда, Жамбыл мен Т.Рысқұлов аудандарының мәслихаттары бүгінгі күнге дейін тікелей көрсетілім тұрмақ, «Aitube» платформасына мүлде тіркелмеген.

Ал Мойынқұм ауданы мәслихатының аппараты «Aitube»-ге тіркелгенімен, бірде-бір тікелей көрсетілім жасамаса, Сарысу аудандық мәслихатының аппараты бір ғана тікелей көрсетілім жасаған. Бірақ Жамбыл, Сарысу, Мойынқұм мәслихат аппараттарының берген ақпараттарында сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары «Aitube» платформасы арқылы тікелей трансляция арқылы жүргізіледі деп нақты көрсетілгенімен, талдау нәтижесі берілген ақпараттарға сай болмай отыр.

Өткен аптада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының жай-күйіне қатысты тапсырмасының орындалуы бойынша өткен онлайн кеңесте аудандар мен Тараз қаласы мәслихаттарының бірде біреуі интернет-ресурстардың бірыңғай платформасына тіркелмегендігін атап өтіп, мәселені шұғыл түрде ретке келтіруді тапсырды.

Бүгінге дейін Тараз қалалық және Байзақ, Т.Рысқұлов, Жуалы, Мойынқұм, Меркі, Қордай, Шу аудандық мәслихаттарының ресми сайттары жұмыс істеуде. Бірақ ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңына сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді деп нақты көрсетілген. Яғни арнайы сайттың қажеті жоқ, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырып, тиісті ақпараттарды толтырса жеткілікті, – деді баяндамашы.

Семинарда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілі Айзада Байділдаева Zoom-платформасы арқылы «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына тіркелу және жұмыс жүргізу тәртібі туралы» хабарлама жасап, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Ал облыстық әділет департаментінің бас маманы Алмас Сағындық мәслихаттардың нормативтік-құқықтық шешімдеріне мониторинг жүргізу тәртібі туралы айтып берді.

 

 Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.