Сайлаушылардың 85,52 пайызы Тоқаевқа дауыс берді – Қоғамдық саясат институты

20

Еxit poll нәтижесіне сәйкес 20 қарашада өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылардың 85 пайыздан астамы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы «Астана» телеарнасының тікелей эфирінен AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жариялады.

Еxit-poll нәтижесі келесідей:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 85,52%;

Жигули Дайрабаевқа – 2,67%;

Қарақат Әбденге – 2,61%;

Мейрам Қажыкенге – 2,43%;

Нұрлан Әуесбаевқа – 1,93%;

Салтанат Тұрсынбековаға — 1,44% дауыс берілді.

Ал сайлаушылардың 3,4%-ті бәріне қарсымын деген жауапты белгілеген.

Comments are closed.