- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Президент сайлауында өз таңдауын жасады.

141

- Advertisement -

Аймақ басшысы Тараз қаласының «Астана» (12) шағын ауданындағы №53 мектеп-гимназиясында орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

 Бұл учаскеде 2839 сайлаушы тіркелген.

Облыс әкімі бүгін ел болашағы үшін аса маңызды күн екенін атап өтіп, өңір тұрғындарын өздерінің Конституциялық құқығын пайдалана отырып, дауыс беруге шақырды.

Айта кетейік, қазіргі кезде Жамбыл облысы аумағында барлығы 493 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оларда дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша таңғы сағат 7:00-де басталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support