Саясат

Президент өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты

Президент өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Серікұлы Забикулиннің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Астана қаласындағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады.