- Advertisement -

Сандуғаш Сейдіш – Әлем чемпионы

552

- Advertisement -

Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті, талантты спортшының бірі – Сандуғаш Сейдіш.

Ол – армрестлингтен (қол күресі) Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Соңғы екі жылда жеткен жетістіктері өте көп. Атап айтар болсақ, Алматыда әйелдер арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, Швецияда әйелдер арасында өткен Әлем кубогының жеңімпазы. Мұның бәрі ең бәсі жоғары жарыстың алдындағы дайындық екен.

Сандуғаш биыл Түркияда өткен Әлем чемпионатында нағыз бабында екенін байқатты. Ол оң және сол қолдарына да қарсылас шыдатпай, екі дүркін Әлем чемпионы атанды. Түркия төрінен жарқыратып екі алтын медаль тағып қайтты. «Спортта әр жеңіс оңайлықпен келмейді. Мені қолдаған ата-анама, осы институттың басшылығына, бапкерлеріме, жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін. Елдің сенімін ақтағаныма қуаныштымын», дейді екі дүркін Әлем чемпионы Сандуғаш.

 

Есет ДОСАЛЫ.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support