Министрдің марапатын алған студент
Министрдің марапатын алған студент
Көп тіл білгеннен бөлек, Аружанның өз ана тілін ардақтайтын, қазақ тілінде шығарма, эссе жазатын да ерекше қабілеті бар. Жақында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Менің арманымдағы Қазақстан» республикалық эссе байқауын ұйымдастырған болатын. Міне, осы байқауда бақ сынаған Аружан Кеңес жеңімпаз атанды. Жас қаламгердің эссесінде елдің бүгінгі жеткен жетістігі, мемлекетіміздің әлем алдындағы мәртебесі кеңінен көрініс тапқан. Осы жеңісіне орай Аружан Кеңес ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Қуаныш Ерғалиевтің қабылдауында болып, министр Саясат Нұрбектің атынан арнайы диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Бұл жеңіс Аружанды қанаттандырып, шығармашылыққа деген сенімін оятып отыр. Ол алдағы уақытта да бірнеше байқауға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінуді көздейді. «Бұл жеңісімді әуелі ата-анама, одан кейін өзім білім алатын университет ұстаздарына арнаймын. Барша студенттерге жағдай жасаудан жалықпаған оқу ордасының президенті Ерболат Саурықов ағайға алғысым шексіз», дейді Аружан.
Есет ДОСАЛЫ.