- Advertisement -

Қант диабетінің алдын ал

35

- Advertisement -

«14 қараша – дүниежүзілік қант диабетімен күрес» күніне орай облыстық көпбейінді ауруханасының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінде «Қант диабетіне өзіңізді тексеріңіз» акциясы өтті.

Бүгінгі таңда әлемде осы патологиямен ауыратын науқастардың саны 463 миллионнан асыпты. Ал облыста 20 мыңға жуық адам есепте тұр.

Қант диабеті – ұйқы безі инсулинді жеткіліксіз өндіргенде немесе дене өзі өндірген инсулинді тиімді пайдалана алмаған кезде дамитын созылмалы ауру. Бұл көмірсулар алмасуының бұзылуымен, қандағы және зәрдегі глюкозаның жоғарылауымен, сондай-ақ басқа метаболикалық бұзылулармен сипатталады.

Қант диабетімен ауыратын адамдардың көпшілігінде бастапқы уақытта ешқандай белгілер байқалмайды екен. Медицина мамандарының айтуынша, қант диабеті белгісі байқалғанын қатты шөлдеу, зәр шығарудың жоғарылауы, аштық сезімі жиілеуі, көздің бұлыңғыр көруі, дене салмағының төмендеуі, тез шаршау мен әлсіздік, терінің қабынып, зақымдануынан кейін емдеудің қиын жүргізілуінен білуге болады.

Бұл қауіпті дерттің алдын алу мақсатында өткен акция барысында тұрғындар тексерілуге келіп, қандағы глюкоза деңгейін өлшетіп, эндокринолог дәрігерден кеңес алуға мүмкіндік алды.

– Осы акцияны естіген соң, дәрігерлерден қант диабетіне тексерілуге анамды алып келдім. Ол кісі тез шаршап, әлсізденіп жүргендіктен мен күдіктенген едім. Оның үстіне өзім де алдын ала медицина көмегіне жиі жүгініп, тексерістен өтіп тұрғанды жөн көремін, – деді Ақпейіл Маратқызы. Иә, қашанда «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу» қажет екенін ұмытпаған абзал.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support