- Advertisement -

Ветеринарларға жүктелген жауапкершілік жоғары

128

- Advertisement -

Соңғы жылдары еліміздің ветеринария саласында жүргізілген реформаларға сәйкес, 2020 жылдан бастап аудандық ветеринариялық қызмет көрсететін кәсіпорындар қала және аудан әкімдіктерінен ветеринария басқармасының ведомстволық басқаруына өткізіліп, қайта құрылған болатын. Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалатын эпизоотияға қарсы жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларды арнайы бекітілетін жоспарға сәйкес бұл жұмыстар осы кәсіпорындар тарапынан жүргізіліп келеді.

Аталған ветеринариялық іс-шараларды жүргізу үшін аймақта 160 ветеринариялық пункт құрылған. Ондағы мамандар 11 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға қан сынамаларын алып, ветеринариялық зертханаға жеткізу, жануарларға вакцина егу жұмыстарын орындайды. Ветеринариялық пункттерде ауылдық окургтегі мал санына қарай үштен сегіз адамға дейін жұмыс істейді.

Сонымен бірге ветеринариялық пункттердің мал дәрігерлері ветеринариялық анықтама рәсімдеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, бірдейленген мал туралы үзінді көшірме беру тәрізді мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Осы міндеттерді орындауға жоғарғы жылдамдықтағы интернет желісі ауадай қажет.

Ветеринария басқармасы тарапынан аудандардағы кәсіпорындарда ақылы қызмет аясын кеңейту мақсатында, ветеринариялық стансалардың ішінен клиникалар мен шағын дәріханалар ашып, емдеу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылуда. Сонымен қатар малды қолдан ұрықтандыру жұмыстары да қолға алынуда.

Осы функцияларды атқару үшін ауылдық жерлердегі мал дәрігерлерінің жұмыс орындары талапқа сай ғимараттармен қамтылып және материалдық- техникалық заманауи құрал-саймандармен жабдықталуы бірінші кезектегі мәселе болып табылады.

Ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнамалармен белгіленген тәртіппен ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету және аудандағы ветеринариялық ұйымдардың жұмысына жәрдем көрсету аудан және ауылдық округ әкімдеріне жүктелген.

Қазіргі таңда облыстағы 11 ветеринариялық станса толығымен және 160 ветеринариялық пункттің 124-і қызметтік ғимараттармен қамтамасыз етілген. Қалған ауылдық округтердің ветеринариялық пункттері ауылдық округтердің әкімдіктерінің ғимараттарында орналасқан.

Облыс аумағындағы агроқұрылымдар мен жеке тұрғындардың иелігіндегі мал басының жылдан жылға көбейіп келе жатқанын ескерсек, түрлі мал індеттерінің алдын алу және олардан өндірілетін мал өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау бойынша іс-шараларды сапалы атқару үшін ветеринариялық пункттерді талаптарға сай үй-жайлармен толық қамтамасыз ету және ветеринариялық пункттерді материалдық-техникалық жарақтандыру ветеринария саласын нығайтуға ауқымды үлес қосары сөзсіз.

 

 Лаура АБИ,

облыс әкімдігі ветеринария басқармасының

ауыл шаруашылығы жануарларын

бірдейлендіру бөлімінің бас маманы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support