- Advertisement -

Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

374

- Advertisement -

Сарысу ауданы қай заманнан ауыл шаруашылығымен айналысады. Бүгінде онда егін және мал шаруашылығы да қарқынды даму үстінде. Ауданға жол түскен сайын ерте көктемнен бастап, дала төсін дүбірге бөлеген, көктеуді төлге толтырған бейнетқор елді көресің. Ата кәсіптен қол үзбей келе жатқан сарысулық шаруалардың еңбегіне риза боласың.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 561914, егістігі – 24179,7 көпжылдық екпелер –157, шабындық жерлер – 29369 және жайылым – 507915 гектарды құрайтын ауданда жер тапшылығы жоқ. Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінен алған мәліметке қарағанда, жер есебіне сәйкес дақыл орналастыруға белгіленген жер көлемі – 24473 гектар. Оның ішінде жоспарлы игерілгені – 24 228,2 гектар, яғни 99 пайызды құраған. Күздік бидай – 4500,0, жаздық арпа – 4000,0, дәндік жүгері – 1200,0, майлы дақылдар – 8300,0, картоп – 52,9, көкөніс – 398,5, бақша дақылдары – 426,8, мал азығы дақылдары – 5350 гектар.

– 2022 жылдың жаздық өнімі ретінде себілген ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының жалпы мөлшері 955 тоннаны құрады. Оның 730 тоннасы арпа, 202 тоннасы мақсары, 31 тоннасы дәндік жүгері және 32 тонна жоңышқа тұқымы. Элита тұқымы 77, І-репродукциялы тұқым – 305, ІІ-репродукциялы тұқым – 428 және қалған 145 тонна тұқым – ІІІ-репродукциялы. Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 765 тонна бидай тұқымы қажет болса, 680 тонна бидай тұқымы дайындалды. Оның ішінде І-репродукциялы тұқым 69,5 тонна, ІІ- репродукциялы тұқым 87,7 тонна және қалған 607,8 тонна тұқым ІІІ-репродукциялы. Ал минералды тыңайтқышты қолдануға келсек, биыл 1692,2 тонна тыңайтқыш алу жоспарланып, 13 000 гектар егістік алқап тыңайтылатын болады. Бүгінгі таңда 1982,2 тонна тыңайтқыш алуға келісімшарт жасалып, 1724,3 тыңайтқыш сатып алынды. Оның ішінде 1 104,3 тонна аммиак селитрасы және 470 тонна аммофос және 150 тонна басқа түрлер. Жоспар 101,9 пайыз орындалды. 41 шаруа қожалығы 120,6 миллион теңге субсидия қаражатын алды, – дейді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов.

Ақпан-маусым аралығындағы кезеңге көктемгі дала жұмыстарына 715 тонна дизель отынына сұраныс беріліпті. Нарықтағы бағасы 230 теңгенің дизель отыны 200 теңге болып бекітілген. Бүгінгі күнге 715 тонна дизель отыны жеткізіліп, оның барлығы шаруашылықтарға 200 теңгеден босатылған. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Саудакент несие серіктестігі» ЖШС арқылы 15 шаруа қожалығы 50 миллион теңгеге несие алған.

«Саудакент несие серіктестігі» ЖШС арқылы «Агробизнес» бағдарламасы аясында мал сатып алу бойынша 6 жоба несиелендірілді. Жалпы құны 105,5 миллион теңге.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 27 жоба несиелендіріліп, жалпы құны 312,24 миллион теңгені құраған. Тоғыз айда 364 миллион теңгеге сатып алынған ауыл шаруашылығы техникаларының саны 63-ке жетіпті. Оның 6-ауы трактор және 57-сі қосалқы техника. 6 трактор 98,5 миллион теңгеге лизинг бойынша рәсімделген. Инвестициялық салымдар кезіндегі шығындардың бір бөлігін өтеу бағыты бойынша 36 өтініш жолданып, 202,6 миллион теңге субсидия қаржысы төленген.

Осы жылдың өнімі ретінде 18000 гектар алқапта масақты дәнді және майлы дақылдар отырғызса, оның ішінде, күздік бидай – 4500, жаздық арпа – 4000, дәндік жүгері – 1200, мақсары – 8300 гектарды құраған. Арпа және бидай алқаптары толық орылған. Атап айтқанда, 4000 гектар арпа алқабынан 6240 тонна өнім алынып, орташа түсім гектарына 15,6 центнерден айналған. Ал 4500 гектар бидай алқабынан 6850 тонна өнім жиналып, орташа түсім гектарына 15,2 центнер болған. Жалпы өнім көлемі 13090 тоннаға жетіп, аудан бойынша орташа түсім гектарына 15,4 центнерді құраған. Картоп дақылының орташа түсімі 185 центнерге жеткен. Бұл – 987,7 тонна. Көкөніс дақылдарының орташа түсімі 272,5 центнер, 10862 тонна өнім жиналған. Бақша дақылдарының түсімі 244,7 центнер, 10445 тонна өнім алынған. Мал азығы дақылдарының орташа түсімі 43,3 центнерден айналып, 23161 тоннаны құраған. Көктен ылғал аз түсетін аудан шаруалары үшін алынған бұл өнім көңіл қуантады. Бұдан бөлек, 8300 гектар мақсары алқабы орылып, 5810 тонна өнім беріпті. Орташа түсім гектарына 7 центнерден. Жалпы күзгі жиын-терін жұмыстарына 120-дан астам шаруа қожалығы 56 комбайн және 42 жүк көлігін жұмылдырған.

2023 жылдың өнімі ретінде 4500 гектар алқапта күзгі дала жұмыстары жүргізіліп, 765 тонна күздік бидай тұқымы себіліпті. Күзгі дала жұмыстарына 45 шаруа қожалығы 107 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Биыл мал азығын дайындау үшін шөп шабуға белгіленген алқап көлемі 34720 гектарды құрайды. Оның 5350 гектары жоңышқа және 29370 гектары табиғи шабындық алқап. Бүгінде 5350 гектар жоңышқа алқабының толық алғашқы орымы аяқталған. Екінші орым ретінде 1670 гектар жоңышқа және 29370 гектар табиғи шабындық алқап шабылып, 103 200 тонна пішен, 18000 тонна жантақ және қосымша 38100 тонна сабан жиналған. Жоспарланған меже 156 пайызға орындалған.

Суды тиімді пайдалану үшін «Тасарық» каналының 15 километрі толық тазаланған. Сонымен қатар «Байшахан», «Өтес», «Күлтөбе», «Сарыөзек», «Бүркітті», «Киров» және «Қызыл-Ту» каналдарын қосқанда 70,2 километр ұзындықта арық ішіндегі қоқыстар мен табанын тазалау жұмыстары жүргізіліпті. Каналдар суару маусымына дайын көрінеді. Бұл жұмыстарға 200-ден аса шаруа қожалығы тартылып, ұйымдастырылған.

Ауданда төрт түлік басы да жыл сайын артып келеді. Мүйізді ірі қара 23 929 басқа жетіп, былтыр осы мезгілмен салыстырғанда 102,9 пайызды құрапты. Уақ мал – 213 591, жылқы – 8 372, түйе – 3 120 басқа жеткен. Сарысулықтар малмен қоса, құс та өсіреді. Оны ауданға барған әр сапарымызда көріп те жүрміз. Бүгінде 25337 бас құс бар. «Меркі ет комбинаты» ЖШС-на ауданның төрт шаруашылығынан 2523 бас қозы еті өткізіліпті. Жалпы салмағы 38 тонна. Ет өткізу алдағы уақытта да жалғаса береді. Мүйізді ірі қара басының аналық басымен селекциялық асылдандыру жұмыстары 36 шаруашылықтың 2095 бас сиырына жүргізілген. Жұмыс желтоқсан айына дейін жалғасатынын еске салды ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары.

 

Амангелді ӘБІЛ

Сарысу ауданы.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support