- Advertisement -

Жалған құжат жасасаң, жауап бересің

38

- Advertisement -

Жайдарова (аты-жөні өзгертілді) 2022 жылдың мамыр айында түзеу мекемесінде жаза өтеуші Айдаровпен ұялы телефон арқылы танысып, түзеу мекемесіне сонымен кездесу үшін кіруге неке қию куәлігінің қажет екенін ұғынып, тергеу барысында анықталмаған бейтаныс тұлғаға жалған неке қию куәлігін 15 мың теңгеге жасатқан.

Алайда аталған мекеме қызметкерлері ресми құжаттың жалғандығын анықтаған. Аталған заңсыз құжаттың жалған екендігі өз кезегінде сот сараптамасының қорытындысымен дәлелденген. Аталған факт бойынша Жайдароваға қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігімен (көрінеу жалған құжатты пайдалану) қылмыстық іс қозғалып, ол Тараз қаласы №2 сотына жолданды.

Тараз қаласы №2 сотының 2022 жылғы 15 қарашадағы үкімімен Жайдарова ҚК-тің 385-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Аслан РАХЫМБАЙҰЛЫ,
Тараз қаласы
прокуратурасының
аға прокуроры

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support