- Advertisement -

Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат жұмыстары – Атырауда

42

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат жұмыстары Атырау облысында жалғасты. Кандидат Сарайшық ауылының дәрігерлерімен кездесті.

Кездесуде ауылдық елді мекендердегі медициналық қызметтің сапасы жайлы айтылды. Ауыл тұрғындарының тұрақты жұмысы болмағандықтан медициналық сақтандыру қорына түсетін түсімдері жоқ. Сол себепті мемлекет тарапынан көрсетілетін медициналық көмек ауылдықтарға арман.

«Қазір медициналық сақтандыруың болмаса ешкімге керексізсің. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету керек. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы бар. Ол – жеке үй шаруашылығы кооперациясын құру. Егер шенеуніктер ауылда тұрақты жұмыс орнын құрумен айналысқысы келмесе, онда ауыл тұрғындарын медициналық сақтандыру талабын тіптен алып тастауға тура келеді. Ауылдықтарға барлық медициналық қызмет мемлекет есебінен тегін көрсетілуі тиіс, – деді кандидат.

Бұдан кейін кандидат ауыл мұғалімдерімен кездесті. Онда ол дала демократиясының ұстанымдары жайлы айтып, олармен бірге ар-ожданды, тәрбиелі ұрпақ өсіру мәселесін талқылады. Білім беру әдістемесін өзгертудің қаншалықты өзекті екенін тілге тиек етті.

Кандидат халықты бірнеше жылдан бері ешкі сүтімен қамтамасыз етіп отырған шаруашылық – Махамбет ауданының Сарайшық ауылындағы Қазақстанның Еңбек Ері Владимир Федорович Розыметов құрған заманауи ешкі фермасына барды. «Бұл еңбек адамының нәтижелі жұмысының арқасы. Осындай адамдардың төккен тері мемлекет тарапынан ескеріліп, құрметтеліп отырса, халықтың ауыл шаруашылығына, агробизнеске деген ынтасы артады», – деді кандидат.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support