- Advertisement -

Мейрам Қажыкен Қаскелең қаласында мұғалімдермен жүздесті

14

- Advertisement -

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қаскелең қаласында білім беру кәсіподақтарының мүшелерімен, мұғалімдермен кездесіп, оларға сайлауалды бағдарламасы туралы айтты.

Балаларды тәрбиелеу мен болмысын қалыптастырудағы педагогтердің жоғары мәртебесін атап өтті. Сонымен қатар үміткер мұғалімдерге жүктеме жыл сайын артып келетінін, ал жалақы сол қалпы өспейтінін айтты. «Мұғалімнің жұмысын қиын еңбек жағдайларына байланысты жұмыспен салыстыруға болады. Мұғалімдер жоғары психоэмоционалды жүктемені сезінеді, кешке үйде жұмыс істейді. Бұл өте қиын. Өз бағдарламамда зиянды және қиын еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін ерте зейнетке шығуды қайтару қажеттігін көрсетемін», – деді М.Қажыкен өз пікірін айтты. Мұны педагогтер қолдады.

«Мен өз бағдарламамда жастарға көп көңіл бөлемін. Балалар – біздің болашағымыз, олар елді құрып, дамытады. Біз оларға өз кәсібилігін арттырып, Қазақстанды одан әрі көркейтуі үшін қолайлы жағдай жасауымыз керек. Жастарға жол ашу керек. Мен бұл лауазымды 7 жыл бойы атқармаймын. Үш-төрт жыл жеткілікті. Мен соңғы ақсақал Президент боламын. Содан кейін жастарға президенттікті беру керек», – деді кандидат.

Мұғалімдер мамандарға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасына шағымданды. Жас мұғалімдерге бөлінетін қаражаты жетпейді. «Бұл бағдарламаны қайта қарау және жетілдіру қажет», деді Мейрам Қажыкен.

Кездесуде тұрғын үй, барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау, әлеуметтік қорғау, азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде тәуелсіз кәсіподақтарды дамыту және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері көтерілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support