Қадағалауға алынады
Қадағалауға алынады
«Ақ жол» газетінің ағымдағы жылғы 1 қарашадағы №151 санында жарық көрген тілші Фариза Әбдікерімованың «Өмір және өркениет» айдарымен берілген «Қоғамдық көлік қызметі көңілден қашан шығады?» атты мақаласы бойынша төмендегідей жауап жолдаймыз.
Аталған мақалада көрсетілген мәселелер, яғни, қалалық қоғамдық көліктің жұмысындағы кемшіліктер қалалық тасымалдаушы мекеме басшыларымен өткізілген жиналыста кеңінен қаралып, талқыланды. Алдағы уақытта мақалада көрсетілген кемшіліктерді болдырмау үшін тиісті іс-шаралар жүргізу туралы нақты тапсырмалар берілді. Біздің тарапымыздан қоғамдық көліктердің жұмысын реттеу, оның ішінде, бағыттағы автобустардың жүру кестелерінің, жылдамдық режімдерінің сақталуын қадағалап, реттеп отыру үшін автобустардың барлығына навигациялық бақылап отыру жүйесі (GPS) орнатылды, бұл іс-шара жылдың соңына дейін жүргізіліп, толығымен аяқталады. Қоғамдық көліктерде жолаушыларға берілетін жол жүру билеттері бар. Алайда, жолаушылар оны қажет етпеуде. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізіліп, бұл мәселе реттеледі деп ойлаймыз. Мақалада көрсетілген қалалық №12 және №23 бағыттарындағы автобустарға соңғы екі-үш күнде толығымен GPS орнатылды. Енді олардың қатынауы, бекітілген жүру кестелерінің сақталуы қатаң қадағалауға алынатын болады. Қалалық №16 бағытындағы автобустар ағымдағы жылдың соңына дейін сыйымдылығы үлкен автобустармен ауыстырылады. Бүгінгі күні осы қызмет көрсететін тасымалдаушы автобустарды сатып алу үшін тиісті іс-шара жүргізілуде.
Бақытжан Жақсылықов, Тараз қаласы әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.