Пәкістан Исламдық Республикасының төрт азаматы ұсталды
2022 жылдың 22 қазанында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті және ҚР ҰҚК департаменті қызметкерлерінің бірлесе өткізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде «Жасөркен» шекара бөлімшесінің аумағында Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына Мемлекеттік шекараны бұзып өткен Пәкістан Исламдық Республикасының төрт азаматы ұсталды.
Аталған дерек бойынша құзырлы органдармен жедел тергеу іс-шаралары басталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Жамбыл облысы бойынша департаменті.
Comments are closed.