- Advertisement -

Қысқа да нұсқа

120

- Advertisement -

Студенттерге жеңілдетілген несие беріледі

2023 жылдан бастап студенттер оқу ақысын төлеу үшін банктерден 2-3 пайызбен несие рәсімдей алады. Бұл туралы Үкімет кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді.

Министр өз баяндамасында бүгінгі күні жоғары білім саласында ұстанып отырған саясат тікелей мемлекеттік мүддемен ұштасатынын, сондай-ақ ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті. «Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) талапкердің оқу жетістіктері мен әлеуметтік жағдайын ескеретін көрсеткіштер бойынша жетілдіріледі. Аталған тәсіл грант бағасы жүйесіне (30-дан 100 пайызға дейін) дифференциация енгізуде де қолданылатын болады. Білім алушыларға 2-3 пайыздық жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері де жоспарланып отыр», – деді С.Нұрбек.

Магистратураға түсетіндер тестілеуге тіркеле алады

1 қарашада магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 2022 жылғы 18 қарашаға дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Тіркелу кезінде талапкер тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды.

Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. Тестілеу күні туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде 22 қарашада жарияланады.

«Кешенді те стілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады», – деп түсіндірді ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

 Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы әзірленуде

Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленуде. «Жастар» ҒЗО мен «Отбасы банк» АҚ қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізбек.

Аталмыш зерттеу жұмысына негіз болған «Жастар» ҒЗО арнайы жүргізген сауалнамасындағы «Сіздің ойыңызша, жастар өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болу үшін не қажет?» деген сұраққа респонденттердің 40,9 пайызы «Өз баспанасы» деп жауап берген.

«Отбасы банк» АҚ өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жастарға арналған дербес бағдарламаларды іске қосуда. Бұл «Елорда жастары», «Алматы жастары», «Қарағанды жастары», «Әулие ат а жаст ары», «Қо ст анай жастары». Несие беру шарттары: бастапқы жарна кемінде 10 пайыз болу керек, несие мөлшерлемесі жылдық 5 пайыз, несие мерзімі – 19 жылға дейін.

 Кім қандай мамандықты таңдайды?

Әңгіме PISA зерттеуі туралы болып отыр. PISA-ның көптеген рейтингтен айырмашылығы – ұпайларды ғана емес, сонымен бірге контекстік факторларды да зерттейді. Қазақстанда жасөспірімдердің жартысынан көбі кең таралған мамандықтарды таңдайды. Зерттеудің барлық үш циклінде манс аптық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр. Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер PISA-2022 (9%), PISA-2015 (10%) және PISA-2018 (5%) зерттеуінде ең жиі таңдалған.

– Зерттеулер жасөспірімдердің педагог мамандығына қызығушылықтары айтарлықтай артқанын көрсетті. Бұл – мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған жұмыстардың нәтижесі. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардың үлесі екі есеге немесе 5 пайызға өскен. Биыл түлектердің 9 пайызы «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім» мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдаған.

PISA-2022 зерттеуінің қорытындысы бойынша жиі таңдалатын мамандықтардың ондығына жаңа мамандықтар енді. Бұл – «Стоматологтар», «Тауарлар мен киім дизайнерлері», «Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшілері», «Спорт жаттықтырушылары, нұсқаушылары және спорт саласындағы мамандар», «Психологтар», «Косметологтар және олармен байланысты мамандар», «Жарнама және маркетинг саласындағы мамандар», «Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер».

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support