- Advertisement -

Журналистер марапатталды

42

- Advertisement -

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының отырысы өтті. Журналистер клубының кезекті отырысына осы бірлестіктің өкілдері, қазылар алқасы, республикалық, өңірлік, қалалық, аудандық БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері өткізетін іс-шараларды үнемі жариялап отыру қажеттігін және бірлескен жұмыстың маңыздылығын айрықша атап өтті.

Жиын барысында ұлт өкілдерінің тату тіршіліктері, аталған мекеменің жұмысы телеарна, газет, радио, сайттарда жариялануы және облыстық «Бір шаңырақ астында» байқауы талқыланды. Облыстық ҚХА Журналистер клубының төрағасы, республикалық «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі Михаил Тё байқаудың жұмыстары бойынша өз пікірін қатысушыларға егжей-тегжейлі жеткізді. Ол байқауға түскен материалдар жоғары деңгейде болғанын және жеңіске жетуге үміткер тілшілердің ішінен таңдау жасау қиындау болғанын да атап өтті. Бұған қоса, байқау жұмыстары арасында аналитикалық, публицистикалық, репортаждық сипаттағы сапалы материалдар, сұхбаттар құпталғанын сөз етті.

Сонымен қатар Михаил Тё байқау өткізуде келесі жылы номинациялар бойынша жүлделі орындар беруді ұсынды. Ұсынысын қатысушылар бірауыздан қолдады. Мекеменің баспасөз хатшысы Бибігүл Утепова жыл басынан бері атқарылған бірлескен жұмыс туралы айтып берді. Оның сөзін Ольга Макарова толықтырып, республикалық жобаларға, акцияларға, челлендждерге қатысудың маңызы жөнінде айтты.

Мұнан соң Қазақстан Республикасы күніне арналған «Бір шаңырақ астында» этножурналистика саласындағы облыстық шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биыл байқауды «Казахстанская правда» республикалық газетінің меншікті тілшісі Михаил Те, «Жамбыл-Тараз» қалалық газетінің бас редакторы Саятхан Сатылғанов, «Jambyl TV» өңірлік телеарнасының журналисі Ғазиза Рүстемқызы таразылады. Олар 30 қатысушының жұмысын қарап шықты. Қазылардың шешімімен Бас жүлдені әріптесіміз облыстық «Аq jol» газетінің мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі Есет Досалы иеленді. Біз Есет Жаңабайұлын осы жеңісімен құттықтап, жазар көбейсін дейміз.

Бірінші орынды «Jambyl TV» аймақтық телеарнасының редакторы Ильдар Гизатулин жеңіп алса, екінші орын аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің бас редакторы Шолпан Сабановаға берілді. «Тараз 24» телеарнасының жас тілшісі Аружан Смайылова жүлделі үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ «Ar-ai» жастар газетінің тілшілері Айжан Өзбекова, Ақтоты Жаңабай, «Жамбыл Тараз» газетінің тілшісі Жұматай Көксубай, Талас аудандық «Талас тынысы» газеті бас редакторының орынбасары Нарбол Нарша ынталандыру сыйлығын иеленді. Ынталандыру сыйлығын алғандар арасында «ақжолдық» әріптестеріміз Марат Құлибаев, Құралай Сейсенбекқызы да бар.

Конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлерін «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева диплом және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.

 

Сәндібек ПІРЕНОВ

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support