- Advertisement -

Отыз мыңға жуық өтініш қаралды

111

- Advertisement -

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаров Мемлекет басшысының мемлекеттік органдар басшыларының халықпен тұрақты кездесулерін өткізу туралы бастамасының аясында 2022 жылдың 19 қазанында Тараз қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ержан Мыңжасаров өз баяндамасында комитет жұмысының басымдығы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру болып табылатындығын атап айтты. Сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органның атқаратын негізгі қызметтеріне, оның ішінде азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында келіп түскен өтініштерге жедел жауап беру, тексеру объектілерін тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы анықтау негізінде ғана аудит жүргізіп қоймай, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау арқылы тексеруді қамтамасыз ету, тағы сол сияқты мәселелерге тоқталып өтті.

Бұл жерде комитет азаматтардың өтініштерін қарастыруда тексеруді қамтамасыз ететін жалғыз мемлекеттік орган болып табылатынын атап айтты.

Ағымдағы жылы комитетке әртүрлі салалардан барлығы 30 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның ішінде 22 мыңнан астамы мемлекеттік сатып алу рәсіміне байланысты жүгінген заңды тұлғалар болып табылады.

Қалған жеке тұлғалардан келіп түскен 5 мыңнан астам өтініштерді қарастырып әрқайсысына жауап берілді, арасында 100-ден астам ұжымдық өтініштер де бар.

Өтініштердің көбісі құрылыс, білім беру, көлік, жолаушылар тасымалы және медицина саласындағы бюджеттік ақшаны жұмсау мәселелеріне қатысты болып келеді.

Барлық келіп түскен өтініштердің басым бөлігі қанағаттандырылды (шамамен 16 693).

Бұдан кейін, комитет төрағасы кездесуге қатысушы тұрғындар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, бүгінгі күнге өзекті мәселелер талқыланды.

 

Облыс бойынша Ішкі

мемлекеттік аудит департаментінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support