- Advertisement -

Оппозициялық кандидаттың сайлауалды кампаниясы қалай өтуде?

43

- Advertisement -

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді.

Партия төрағасы Асхат Рахимжанов Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды кампаниясының жүргізіп жатқан жұмысымен бөлісті.

Күнтізбелік жоспар бойынша үгіт-насихат кезеңінде 58-ден астам іс-шара өткізу көзделген. Бұған сайлаушылармен, еңбек ұжымдарымен, ауыл тұрғындарымен, ШОБ өкілдерімен, шығармашылық зиялы қауыммен, студенттермен және халықтың басқа да топтарымен кездесулер жатады.

«Осы апталар ішінде сайлауалды штаб бірқатар іс-шара өткізді, біраз өңірге сапармен барды. Атап айтқанда, Нұрлан Әуесбаев Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында кездесулер өткізді. Одан бөлек, бірқатар ауылдық елді мекендердің тұрғындарымен жүздесті» – деп мәлімдеді Асхат Рахимжанов.

Аймақтық сайлауалды штабтармен еліміз бойынша 30-дан астам үгіт-насихат шаралары өткізілді.

Мәселен, 5 қарашада ЖСДП-дан кандидат Республикалық сайлауалды штабтың ұйымдастыруымен өткен тоғыз құрылысқа қарсы бейбіт митингіге қатысты. Іс-шара Пушкин мен Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысында орналасқан саябақ аумағында өтті. Митингіге 50-ге жуық адам: партия белсенділері мен қала тұрғындары қатысты. Митинг қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Құжатта ЖСДП тұрғын үй кешендерімен қатар балабақша, мектеп, аурухана, саябақтың құрылысын міндеттейтіні атап өтілген.

Резолюцияда сонымен бірге экология, қажетті инфрақұрылым құрылысы, салынатын үйлердің сапасын арттыру мәселелері де көтеріледі.

Сайлаушылармен кездесу барысында кандидат сонымен бірге мемлекетте саяси реформаларды жүргізу қажеттілігін атап өтеді. Қазақстандықтардың өмір сапасының стандарттарында бекітілген мемлекеттің әлеуметтік кепілдерін қолдау әрі дамыту қажет. Үкімет адал, бәсекелес бизнестің дамуына мүмкіндік бермей отырған олигархтар тобын емес, халық мүддесін қорғауы тиіс.

Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттілігіне де ерекше көңіл бөлінген. Парақорларға максималды жаза тағайындап, мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет.

Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, жемқорлықты жеңіп, мемлекеттің басқару жүйесін өзгерткен жағдайда ғана Қазақстан мемлекеттің экономикалық гүлдеуіне жағдай жасай алады.

 

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Н.С. Әуесбаевтың сайлауалды штабымен әзірленді. Тапсырыс беруші: Ауесбаев Н.С.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Н.С. Әуесбаевтың

сайлау қорының қаржысынан төленді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support