- Advertisement -

Ең ірі жылыжайдың жұмысымен танысты

92

- Advertisement -

Президенттікке «Ауыл» партиясы атынан түскен кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары еліміздегі ең ірі жылыжайлардың біріне барды.

Қызанақтың түр-түрін өсірумен және сатумен айналысатын кешен Алматы облысының Чапаев ауылында орналасқан. Былтыр ғана ашылды. Бұл іске жергілікті әкімдік те қолдау көрсетіп, электр желісін тартуға бюджеттен 100 миллион теңге бөлген. Жобаның жалпы құны 5 миллиард теңге екен. Бес гектар аумақты алып тұрған индустриялық нысан түгел Нидерланды технологиясымен жабдықталған. Алдағы уақытта мұнда тағы қияр мен басқа да көкөніс түрлерін сақтайтын қойма ашылмақ. Жылыжай директоры Жандос Тұрсынғалиевтің айтуынша, бүгінде кәсіпорында 110 адам қызмет етсе, жұмыс істеп жүргендердің көбі әйелдер.

Жигули Дайрабаев, Президенттікке кандидат:

– Алынатын өнім өте жоғары. Жылыжайда жылына 3 мың тоннаға дейін өнім өндіріледі екен. Негізі экспортқа бағытталғанымен, Алматы мегаполисін қамтамасыз етуге де жағдайлары бар.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support