- Advertisement -

Ақкөлдік тұрғындардыңмәселесін тыңдады

28

- Advertisement -

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы, Ақкөл ауданының сайлаушыларымен кездесу өткізді.

Оппозициялық партия өкілі тұрғындарға сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның пікірінше, Қазақстан бірқатар саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруы қажет.

Сайлаушылар басқосуда кандидатқа ауданда жер учаскесін бөлу жайын, ауыл шаруашылығымен айналысатын диқандарға берілетін көмектің мардымсыз екендігін айтты. Нұрлан Әуесбаев тұрғындардың мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Нұрлан Әуесбаев, Президенттікке кандидат:

– Аудан тұрғындарын мазалайтыны ауыл шаруашылығы мәселелері. Оның ішінде негізгісі – пай мәселесі. Пайшылардың өздерінің тиісті пайын уақтылы алуы, оның бағасының қымбаттауы, арзандауы, міне, әңгіме осы мәселелердің төңірегінде болды. Ауылдың маңында жеке сектордың малдары жайылатын жайылымдардың қалмауы сияқты өзекті мәселелер де сөз болды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support