- Advertisement -

Кәсіпкерлікке бағытталған жұмыс жалғасады

262

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов өңірде іссапармен жүрген Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Рустам Жүрсіновті қабылдады. Кездесу барысында аймақ кәсіпкерлерінің мәселелері талқыланды.

– Өңірде сексен мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті бар. Олардың үлкен үлесі ауыл шаруашылығына қатысты. Біздің міндетіміз – Үкімет тарапынан қандай бір жеңілдік бар болса соны ең шалғай елді мекендерге жеткізу. Бұл бағыттағы нәтижелі жұмыстарға «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры да зор үлес қосуда.

Екіншіден, «Атамекен» палатасымен 4 тұрақты кәсіпкермен кездесетін алаң ұйымдастырдық. Аймақтық кеңесте де форум өткіздік. Кәсіпкерлерге ойын еркін жеткізіп, ұсыныстарын айтуға мүмкіндіктер берілген. Іскер әйелдер қауымдастығымен де тұрақты әріптестік байланыс бар. Тоқсанына бір рет кездесулер тұрақты ұйымдастырылып тұрады. Рас, салада көптеген проблемалар бар. Соның басым көпшілігі құқыққа, жер мәселесіне байланысты. Ел аумағы бойынша мемлекет тарапынан қосымша талап қою мәселесін де айтуға болады. Соның барлығын құқық қорғау органдары, өңірлік палата өкілдерімен бірлесіп заң шеңберінде сотқа жеткіздік. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмыстар әлі де жүйелі жалғасатын болады, – деді басқосуды ашып берген облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы.

Өз кезегінде сөз алған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов өңірде кәсіпкерлердің қабылдауын өткізіп, жағдайдың тұрақтылығымен жан-жақты танысқанын жеткізді. Оған қоса қоғамдық көліктерге қатысты, газ тапшылығы, Байзақ ауданындағы кәсіпкердің жер мәселесі бойынша мәселелерді ортаға салды.

Облыс әкімі көтерілген мәселелерді талдай келе нақты жауап беріп, өз сөзінде алдағы уақытта қаладағы автопарктерді жаңғыртуға субсидия бөлінетінін де айтты. Өз сөзінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өңірде «Атамекен» палатасымен бірлескен жобалардың оң нәтижелі екенін айрықша атап өтіп, кәсіпкерлерге қолдау білдіріп отырған облыс басшылығына алғысын айтты. Үкімет тарапынан шешілетін мәселелер зерделеніп, өз тараптарынан көмек қажет болса қолдауға әрдайым әзір екендерін жеткізді. Сөз соңында өңір басшысы жұмыс барысында анықталған мәселелер әріптестік негізде бірлесіп шешілетінін айтып, басқосуды қорытындылады.

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support