- Advertisement -

85 мұғалім біліктілік курсынан өтті

82

- Advertisement -

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы облыс бойынша кәсіби дамыту институтының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 28 наурызы мен 4 сәуірі, қыркүйек айының 12-23 және 26 қазан мен 4 қараша күндері Меркі ауданы бойынша тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтті. Курста 85 мұғалім өздерінің кәсіби біліктіліктерін шыңдады.

Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпы қоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттілігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Осы біліктіліктің курстан аудан тарихшылары теориялық білімдерін шыңдай отырып, тәжірибемен ұластырды.

Осы орайда біз курс оқытушысы Бибі Арғынбайқызымен әңгімелескенімізде ол:

– Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл – мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Нақты айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Мұғалім – бүгінгі оқушы, ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол, оның жалпы педагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты.

Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз.

«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады, – деді.

Курс барысында мұғалімдер күрделі тақырыптарды талқылап, талдап, тапсырмалар құрастыра отырып, өзара тәжірибелерімен алмасты. Әрбір тапсырмаларын белсенді, тиімді тәсілдермен құрастырып үйренді. Соңында демо-сабақтар өтіп, қорытынды тест тапсырып, нәтижесінде педагогтерге курстан өткенін растайтын сертификат берілді.

 

 Жанар БАЙТУЛЕКОВА,

аудандық білім бөлімінің

тарих және география

пәндері бойынша әдіскері.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support